Skip links

"ҚазНұр"

гуманитарлық колледжінің тарихы

Әрбір істің өз тарихы бар. Тарих - өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі, бүгінгінің баға жетпес байлығы

«ҚазНұр» гуманитарлық колледжінің де 25 жылдан аса жинақталған өзіндік тарихи жолы бар.

Колледждің ашылуы Еліміздің егемендігін енді алып, етек-жеңін жинай бастаған 1996 жылдан басталады. Сол кездегі ҚР Білім және мәдениет министрі Иманғали Нургалиұлы Тасмағамбетовтің – Қазна Аймағамбетқызының осындай оқу орынын ашқысы келетіні жайында айтқан ұсынысын мақұлдап, «Егер, білім ошақтарында қызымет ететін болашақ педагог қадрлер дайындағыңыз келсе, оны тек қана құптауға тура келеді»-деген бір ғана тұжырымының нәтижесінде жарық көрген арнаулы орта білім беретін оқу орынының «ҚазНұр» алталуының да мәні бар.

Еліміздің білім беру саласы мен педагогикалық ғылымдарының дамуына келелі үлес қосқан педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қазна апай мен биология ғылымдарының кандидаты Исаева Нұржауардың аттарының алғашқы буындарынан тұратын бұл атау болашақ мамандарымыздың білім беру саласында осындай биіктен көрінуіне деген тілекпен қойылған болатын.

Міне содан бері біздің оқу орыны жүздеген ұстаздар дайындаған брекелі білім ордасына айналды. Колледжден түлеп ұшқан төртмыңнан аса мамандар Еліміздің түпкір-түпкірінде бастауыш сынып мұғалімі, балабақша тәрбиешілері, заң орындарында құқық қызметкері және психологтар болып еңбек етуде. «ҚазНұр» гуманитарлық колледжі 1996 жылы қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының жанынан п.ғ.д., профессор Қазына Аймағамбетқызы Аймағамбетованың бастауымен ашылды. Колледж 20 жылдан бері педагогика саласындағы «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша тәжірибелі мамандар даярлауға үлкен үлес қосып келеді.

Колледжде мамандыққа сай білікті, тәжірибелі жоғарғы санаттағы оқытушылар, ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары дәріс береді.

«ҚазНұр» гуманитарлық колледжінің бітіруші түлектері қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қалаған мамандықтарына түсіп, жоғары білім алуды жалғастыруға жағдай жасалған.

«ҚазНұр» гуманитарлық колледжі Білім беру мекемесі 1996 жылы құрылған.

Құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін колледж ұжымы дамып келе жатқан стратегияға, миссияға сәйкес қызмет атқаруда. Қазақстан Республикасы еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жоғары білікті мамандар даярлауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, колледж білім беруді одан әрі жетілдіру үрдісіне белсенді қатысуда. Қазіргі жағдайда еліміздің және өңірлердің экономикасы үшін жоғары білікті кадрларды даярлаудың негізі ретінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарына қойылатын талаптар артып келеді.

Мұндай талаптарды тек мемлекет ғана емес, сондай-ақ бизнесте, тұтастай қоғамда да салады. Колледждердің қызметін жетілдірудің сөзсіздігі заманауи ТжКБ жүйесін түсінуде басты проблемалардың бірі болды. Қазақстандағы және әлемдік білім беру жүйелерінің үздік дәстүрлерін біріктіретін техникалық және кәсіптік білім берудің инновациялық үлгісін қалыптастыру қазіргі білім берудің объективті қажеттілігі болып табылады. 2016-2021 жылдарға арналған стратегиялық колледжді дамыту жоспары миссияны, көзқарасын, колледж жұмысының негізгі бағыттарын қамтиды, миссияны жүзеге асыруға бағытталған мақсаттарды, міндеттерді анықтайды. Қазақстандық білім беруді жаңғырту бағдарламасы бойынша колледж студенттеріне білім беру нысандарын, жұмыс мазмұнын, оқыту әдістерін жаңарту көзделуде.

Осыған байланысты жастарға білім берудегі міндетті бағдарламалармен оқу үдерісін ұйымжастырудың мазмұны мен технологияларын жаңарту мәселесі қолға алынды. Лицензиялау стандарттарына сәйкестігін талдау (студенттер саны, оқытушылар құрамы, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаның жағдайы) толықтай жүзеге асырылғандығын көрсетті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті департаментінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 193 бұйрығына сәйкес, 2016 жылғы 24-29 қараша аралығында Алматы мемлекеттік қызмет көрсету колледжіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді. ҚазНұр» гуманитарлық колледжі Білім беру мекемесі өзінің даму бағыттары мен миссиясына сәйкес 2016-2021 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын бекітті.

Колледждің миссиясы:

«Еңбек нарығының сұранысына ие болатындай мектепке дейінгі білім мен тәрбие және бастауыш сыныптарда білім беретін, функционалдық сауаттылығы жоғары, әлеуметтік белсенділігі мен адамгершілік-рухани құндылықтарын дамыту және сапалы білім беру бағытында жұмыс атқаратын білікті мамандар даярлау».

Колледждің мақсаты:

Білім берудің қазіргі және болашақ қажеттіліктеріне жауап беретін және білім сапасын жетілдіруге үлес қосатын білікті мамандар даярлауда еліміздегі білім беруді жаңаша ұйымдастыратын ұжымның бірі болу. Колледждің миссиясы, көзқарасы мен стратегиясын қалыптастыру Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауындағы білім мен ғылымның дамуына байланысты мемлекеттік бағдарламасына негізделеді. Колледждің миссиясы оның мүмкіндіктеріне, кадр ресурстарына, сонымен бірге еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді.

Миссия және стратегиялық жоспарды құруда және талқылауда колледж құрылтайшылары, ұжым мүшелері, студенттер, әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер қатысады. Колледжінің стратегиялық даму жоспарының негізінде әкімшілік жыл сайын оқу орнының жылдық жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді. Колледждің сапа менеджментің жүйесі еңбек нарығының белгіленген талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Колледжде техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлау күндізгі, сырттай және кешкі оқыту нысандарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Оқыту негізгі орта, жалпы орта және техникалық және кәсіптік білім негізінде жүзеге асырылады. Мамандарды даярлау 02.20.2014 жылғы № 14002211 Мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Колледждің өзін-өзі бағалауы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, 07.04.2018 ж., Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын институционалды аккредиттеу стандарттарына сәйкес жүргізілді. ISBN 978-601-341-010-4 NCCA (Астана, 2018) және басқа да нормативтік құжаттар. Колледждің жұмыс тобының мүшелеріне өзін-өзі бағалау және есепті дайындау кезінде кеңестерді Астанадағы ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі мамандар «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» өткізді. 2019 жылдың 3 желтоқсанда «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» институционалық және мамандандырылған аккредиттеу процедурасы бойынша колледж басшылығы мен инженерлік оқытушылар үшін оқу семинар өткізілді.

Білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиямен қарастырылған талаптарға сәйкес колледж нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Обратная связь
Орысша